Accessibility links

ЦРУ экс-директоры президент Трампты сынады


Джон Бреннанның ЦРУ директоры кезіндегі суреті. Вашингтон, 8 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Джон Бреннан бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың осының алдында ЦРУ штаб-пәтеріне барғанда сөйлеген сөзін қатты сынға алған. Бұрынғы ЦРУ басшысының экс-көмекшісі Ник Шапиро жариялаған мәлімдемеде, мәселен, Трамптың сөзі "құнсыз" шықты әрі президент ЦРУ батырлары мемориалдық қабырғасы алдына тұрып алып, өз-өзін дәріптеумен болды делінген. Бреннанның сөзінше, Трамп өз айтқаны үшін ұялуы керек.

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі, қаңтардың 21 күні Вирджиния штатындағы Ленглиде орналасқан ЦРУ-дің штаб-пәтеріне барған. Ол барлау мекемесі қызметкерлеріне қолдау танытып, қолғабысын тигізетіні туралы уәде берген. Бұған дейін Трамп өзі туралы «Мәскеудің компромат жинағаны» жайлы жалған ақпараттың тарауына жол берді деп ЦРУ-ды айыптаған.

Бірақ қаңтардың 21-і күні ол ЦРУ қызметкерлеріне мақтау мен мадақ айтып, олардың жұмысын толық қолдайтыны туралы мәлімдеген.

Трамптың сөзінше, ол бұқаралық ақпарат құралдарымен "күресін" жалғастырып жатыр. Оның пікірінше, журналистер "Жер бетіндегі адам баласының ең абыройсызына" жатады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG