Accessibility links

Франция: Социалистер праймеризінде президенттікке түсуден екі адам үмітті


Бену Амон, Франция социалистік партиясы атынан президенттікке түсуден үміткер.
Бену Амон, Франция социалистік партиясы атынан президенттікке түсуден үміткер.

Франция социалистік партиясының президент сайлауына қатысудан басты екі үміткері анықталды. 22 қаңтарда социалистер арасында өткен праймериздің алғашқы кезеңінде Бенуа Амон жеңді. 29 қаңтарда өтетін екінші кезеңде ол бұрынғы премьер-министр Мануэль Вальспен кездеседі. Бұл дауыс беруде социалистердің сәуір және мамыр айларында өтетін президент сайлауына түсетін кандидаты анықталады.

Амон америкалық сенатор Берни Сандерстің жақтасы екенін мәлімдеген. Амон іс басындағы президент Франсуа Олландтың үкіметінде оның экономикалық саясатын сынағаны үүшін қызметінен алынған. Реформашыл және оппортунист саналатын Вальс - Олландтың серігі.

Франциядағы қоғамдық пікірге жасалған сауалнамаға сай, социалистер кандидатының президент сайлауының алғашқы кезеңінен өту мүмкіндігі орташа. Сайлаудағы басты фавориттер - консерватор Франсуа Фийон, солшылдар өкілі Марин Ле Пен және тәуелсіз кандидат Эммануэль Макрон саналады.

XS
SM
MD
LG