Accessibility links

АҚШ Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруді ойластырып жатыр


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньтяху.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньтяху.

АҚШ билігі Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жоспарын "енді ғана" талқылап жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары президент Дональд Трамп елшіліктің көшірілетіні туралы ресми түрде мәлімдеме жасайтыны туралы хабарлаған. 22 қаңтарда Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефонмен сөйлескен. Нетаньяху әңгіме "жақсы ауанда" өткенін хабарлған. Ол Трамптың келесі айда Вашингтонға сапарлап келу ұсынысын қабыл алғанын айтқан.

Дональд Трамп сайлау кампаниясы кезінде елшілікті Иерусалимге көшіруге уәде берген. Бұл шешім палестиндіктер мен араб елдерінің наразылығын тудырған. Иерусалим мэрі Нир Баркат Ақ үйдің елшілікті көшіру ниетін қуаттаған. Трамптың сөйлескенге дейін Нетаньяху АҚШ президентімен кездесіп, Иран мен оның "қатал" үкіметі тарапынан төнетін "қауіпті" талқылау жоспары барын мәлімдеген.

22 қаңтарда Иерусалим билігі қаланың шығысындағы жаңа үш қоныстану орындарында 566 үй салуды мақұлдаған. Қала мэрінің орынбасары Мейр Тургеман израиль радиосына үй салу мәселесі үй салу туралы шешім АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың қызметінен кеткенге дейінгі уақытқа шегерілгенін хабарлаған. Обама басып алынған территорияларда жаңа қоныстар салуды сынаған еді.

XS
SM
MD
LG