Accessibility links

Пентагон Сирияда "Ресеймен бірлескен әуе шабуылын" жасамағанын айтты


Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік әскери ұшақтар (Көрнекі сурет).

АҚШ қорғаныс министрлігі ресейлік ақпарат құралдарының "Пентагон Ресей әскерилеріне Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына әуе шабуылдарын жасауы үшін ИМ координаттарын берді" деген хабарын жоққа шығарды.

23 қаңтарда ресейлік бірқатар БАҚ Ресей қорғаныс министрлігінің "Вашингтон Ресейдің Алепподағы Әл-Баб ауданындағы нысандарға әуе шабуылдарын жасауы үшін Хмеймим әуе базасына координаттарды беруде "тікелей желіні" пайдаланды" деп мәлімдегенін хабарлаған.

РИА "Новости" агенттігі Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, барлау жүргізген соң Ресейдің екі ұшағы мен АҚШ басқаратын халықаралық коалиция күштерінің екі ұшағы террористердің нысандарына әуе шабуылдарын бергенін хабарлаған. Russia Today және ТАСС агенттіктері бұл тақырып бойынша ұқсас ақпар таратқанымен, Ресей қорғаныс министрлігінің сайтында я Facebook-тегі парақшасында мұндай хабарлама болмады.

Бірақ Пентагон бұл хабарды дереу жоққа шығарды.

"Қорғаныс министрлігі Сириядағы Ресей әскерилерімен әуе шабуылдарын үйлестіріп жасамайды. Министрлік ресейлік әскерилермен байланысу арналарын қолдайды. Ол байланыстар экипаждың қауіпсіздігі, коалиция күштері мен Ресейдің Сириядағы операцияларының іс-қимылының ара жігін ажырату жайын ғана қамтиды " деді Азаттыққа Пентагон өкілі Эрик Пахон.

Ресей мен АҚШ Сириядағы алты жылға ұласқан соғыста бір-біріне қарсы тараптарды қолдайды. Мәскеу Сирия президенті Башар Асадты, ал Вашингтон мен оның одақтастары Асадқа қарсы соғысып жатқан кейбір оппозицияшыл топтарды жақтайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG