Accessibility links

"Талибан" Трампты Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығаруға шақырды


Кабулдегі америкалық әскерилер, Ауғанстан (Көрнекі сурет).
Кабулдегі америкалық әскерилер, Ауғанстан (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трампты Ауғанстаннан америкалық әскерді әкетуге шақырды.

Трамп бұған дейін АҚШ-тың Ауғанстанда әскер ұстауын қолдап, осы елде тәжірибеден өткен бұрынғы екі генералды жоғары қауіпсіздік қызметіне басшы етіп тағайындағанымен, Ауғанстанға қатысты ұстанымын ешқашан білдірмеген.

"Талибан" өзінің медиа ресурсында 23 қаңтарда жариялаған Дональд Трампқа арналған мәлімдемесінде АҚШ-тың Ауғанстанға әскер кіргізген 15 жылға жуық уақыты ішінде миллиардтаған доллар қаржы шығындап, ешқандай жетістікке жетпегенін және осыдан кейін сенімнен айырылғанын айтады.

"Бұл соғысты тоқтату жауапкершілігі сіздің мойныңызға артылады" деген "Талибан".

Қозғалыс бұған дейін де талай рет АҚШ пен оның одақтастарын Ауғанстаннан кетуге шақырып, Ауғанстаннан шетел әскері шығарылмайынша Кабулмен бейбіт келіссөз өткізуден бас тартып келді.

АҚШ "Әл-Қаиданы" ығыстырып шығару үшін Ауғанстанға алғаш әскер кіргізген 2001 жылы НАТО коалициясындағы америкалық әскерилердің саны азайған.

Коалиция күштері негізгі әскери миссиясын аяқтаған 2014 жылдан бері "Талибан" Кабулдегі Батыс елдері қолдайтын билікке қарсы күресте кәдімгідей жетістікке жетті. Қазір үкімет күштері Ауғанстан территориясының үштен екісіне ғана бақылау жасайды.

XS
SM
MD
LG