Астанада өтіп жатқан Сирия бойынша бейбіт келіссөз бүгін екінші күнге ұласты. Келіссөзге Сирия үкіметінің делегациясы, оппозицияшыл топтардың өкілдері, Ресей, Түркия, Иран өкілдері мен БҰҰ-ның СИрия бойынша арнйы өкілі Стаффан де Мистура қатысып жатыр. Келіссөз 23 қаңтар күні түс ауа басталған.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі бүгін Астана уақытымен сағат 14-те келіссөздің қорытындысы жайлы баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаған.
Келіссөздің алғашқы күні елеулі нәтиже шықпағаны хабарланған. Келіссөзге Сирия үкіметі мен оппозицияшыл топтарының өкілдері бірдей қатысқанымен, бір-бірімен тікелей тілдеспеді.
Келіссөздегі Сирия оппозициясының ресми өкілі Яхья әл-Ариди оппозиция Ресей және Түркия делегацияларымен кездесіп, Сирия аумағындағы бітім жайын талқылағанын, оған БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысқанын айтқан.