Accessibility links

Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімдерін оқытпақ


Қазақстан парламенті. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті. (Көрнекі сурет)

Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шаралары аясында 1066 ауыл әкімі және 2132 әкімдік қызметкерін арнайы оқудан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Жүйелік графиктерге сәйкес экономика және қаржы басқармаларының, мемлекеттік табыс мекемелерінің қызметкерлерінен тұратын арнайы практикалық топтар аудан маңызындағы қалалар, ауылдар, елді мекендер және ауылдық округтерге барып, ауыл әкімдерін жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті және коммуналдық меншігімен жұмыс істеуге үйретеді" деді Айбатыр Жұмағұлов парламент мәжілісінде өткен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған дөңгелек үстелде.

Бұған дейін парламент мәжілісі «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Заң жобасында 2018 жылдан бастап 2 мың адамнан артық халқы бар аудан маңызындағы қалалар, елді мекендер мен ауылдық округтердің жеке бюджеті мен коммуналдық меншігі болады деп қаралған. Жобаға сәйкес мұндай әкімшіліктердің бюджеті сол аймақта жиналған салықтар мен айыппұлдардан, жетпегені республикалық бюджеттен трансферленеді. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, ауыл бюджетін жұмсау бағыттары жергілікті тұрғындар қоғамдастығының жиыны қорытындысы бойынша шешіліп отырады.

XS
SM
MD
LG