Accessibility links

Астанада Сирия бойынша бейбіт келіссөз аяқталды


Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (ортада) Сирия дағдарысын реттеу бойынша өтіп жатқан бейбіт келіссөзде. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (ортада) Сирия дағдарысын реттеу бойынша өтіп жатқан бейбіт келіссөзде. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша өтіп жатқан бейбіт келіссөз аяқталды.

Келіссөздің қорытынды мәлімдемесін оқыған Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов "атысты тоқтатып, арандату болдырмауды бақылайтын үш жақты механизм жасау туралы келісім жасалғанын" айтты.

Қайрат Әбдірахмановтың сөзінше, "кепіл елдер" "Ислам мемлекеті" және "Әл-Нусра" ұйымдарымен соғысты күшейтуге, оларға басқа қарулы оппозициядан бөлекше қарауға ниетті екеніндерін" растаған.

Сирия дағдарысын реттеу бойынша бейбіт келіссөз Астанада 23 қаңтарда басталған. Келіссөзге Сирия үкіметінің делегациясы, оппозицияшыл топтардың өкілдері, Ресей, Түркия, Иран өкілдері мен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысқан.

XS
SM
MD
LG