Accessibility links

"Ла-Ла-Ленд" "Оскар" сыйлығына 14 номинация бойынша ұсынылды


"Ла-Ла-Ленд" фильмінде басты рөлдерді ойнаған Райан Гослинг (сол жақта) пен Эмма Стоун "Алтын глобус" сыйлығын ұстап тұр. Беверли-Хиллз, АҚШ, 8 қаңтар 2017 жыл.

Америкалық "Ла-Ла-Ленд" фильмі "Оскар" жүлдесіне 14 номинация бойынша ұсынылды. Сыйлық тағайындалған кезден бері оны осыншалықты номинация бойынша тек екі фильм - "Титаник" пен "Барлығы Ева туралы" картиналары жеңіп алған. "Жылдың ең үздік фильмі" атағына ұсынылған фильмдер қатарында "Ай жарығы", "Теңіздегі Манчестер", Лион", "Жасырын фигуралар", "Дуал" картиналары бар.

"Ең үздік шетелдік фильм" категориясы бойынша Иранның "Сатушы" фильмі, Данияның "Менің жерім", Швецияның "Уве есімді адам", Австралияның "Танна" фильмі және Германияның "Тони Эрдманн" фильмдері ұсынылды. Бұл категориялар бойынша жеңімпаз 26 ақпанда жарияланады.

Америка кинематографиясындағы мюзиклдің алтын ғасырына арналған "Ла-Ла-Ленд" фильмі ұсынылған номинациялар арасында актриса Эмма Стоунның "Басты рөлдегі ең үздік актриса" номинациясы, басты ер адамның рөлінде ойнаған Райан Гослингнің "Басты рөлдегі ең үздік актер" номинациясы және Дэмьен Шазелланың "Ең үздік режиссер" номинациясы бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG