Accessibility links

Жапония: Ресей әскери ұшақтары ел аумағына жақын ұшып өтті


Қиыр Шығыста ұшып бара жатқан Ресейдің Ту-95 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).
Қиыр Шығыста ұшып бара жатқан Ресейдің Ту-95 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).

Жапония елдің әуе кеңістігіне жақын келген ресейлік үш әскери ұшақты қақпайлау үшін әскери жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді. Жапония қорғаныс министрлігінің 24 қаңтарда хабарлауынша, ресейлік үш Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы кеше түстен кейін Жапония территориясына солтүстік жағынан жақын ұшып келіп, Жапон теңізінің үстінен ұшып өткен.

Кейін олардың екеуі Жаопнияның оңтүстігіндегі Окинава аралына қарай кетіп, елдің әуе кеңістігіне жақын ұшып, кешке қарай Ресейге қайтып кеткен. Министрлік ресейлік ұшақтың Жаопония әуе кеңістігін бұзбағанын айтады.

Ресей әскери ұшақтары соңғы рет Жапония территориясына жақын 2016 жылы қаңтарда ұшып өткен. Қорғаныс министрлігі өтен жылы ел аумағына жақын келген 500-ден астам шетелдік әскери ұшақтарды қақпайлағанын, олардың көпшілігі Қытай әскери ұшақтары екенін айтады.

XS
SM
MD
LG