Accessibility links

БАҚ: Байқоңырдан "Протон" зымырандарын ұшыру кейінге қалуы мүмкін


"Протон" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылған сәті. 9 маусым 2016 жыл.

Ресейдің мемлекеттік "Росоксмос" агенттігі Воронеж механикалық зауытына "Протон" зымыранының екі сатысына арнап жасаған барлық қозғалтқышын қайтарады деп хабарлады ресейлік "Коммерсант" басылымы. Бұған сынақ кезінде зымыран қозғалтқышынынан ақау шыққаны себеп болған.

Тексеру кезінде қозғалтқышты құрастырғанда "өтімсіз компоненттер", оның ішінде ыстыққа төзімсіз металл қолданылғаны анықталған. Осының салдарынан соңғы бірнеше жылда құрастырылған барлық қозғалтқыштарды зауытқа қайтаруға шешім қабылданған.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі ФСБ) мен Тергеу комитеті егер құжат бойынша қозғалтқыш дұрыс жасалған болса, онда материалдың қалай ауыстырылғанын анықтамақ деп жазады басылым.

"Коммерсант" қозғалтқыштар зауытқа қайтарылса зымырандардың, оның ішінде коммерциялық ғарыш кемелерін ұшыру кестесін бұзатынын айтады. Егер бұлай болса, онда ақпан айында Байқоңырдан ұшырылады деген "Протон" зымыранын ұшыру "ең тез арада" дегеннің өзінде жазға дейін кешеуілдейді.

"Роскосмос" 2017 жылы ғарышқа 27 зымыран тасығышпен түрлі ғарыш аппараттарын ұшыруды жоспарлаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG