Еуропа парламентінің бұрынғы төрағасы Мартин Шульц Германия социал-демократиялық партиясы атынан канцлерлікке кандидат ретінде ұсынылды. Шульцтің кандидатурасы ресми түрде 29 қаңтарда бекітілмек.
Германияда үкімет пен канцлер парламент (Бундестаг) сайлауының қорытындысы бойынша анықталады. Парламент сайлауы биыл күзде өтеді. Германияның іс басындағы канцлері Ангела Меркель канцлер қызметіне төртінші мерзімге өз кандидатурасын ұсынды.
Соңғы сауалнама бойынша, сайлауда Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-социалистік одағының консервативтік блогы көпшілік дауыс жинауы мүмкін.
61 жастағы Шульц Еуропа парламентінің төрағасы қызметін 2012 жылдан 2017 жылға дейін атқарған.