Accessibility links

Трамп миграциялық саясатты қатаңдататын жарлықтар шығарды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің оңтүстік шекарасындағы қауіпсіздік күшейтіп, АҚШ-та заңсыз тұрып жатқан мигранттардан арылу туралы екі жарлық шығарды. Трамп жарлықтарға 25 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жаңа басшысы, отставкадағы генерал Джон Келлиді таныстыру салтанатынан соң қол қойды.

Жарлықта АҚШ-тың Мексикамен шекарасында қабырға тұрғызу және федералдық қордан қаржы алатын қалаларды егер олар заңсыз мигранттарды ұстап, қамамаса онда қаржы бөлу тоқтатылатыны туралы айтылады.

Жарлықтар Трамптың заңсыз мигранттармен күрестің радикалдық шараларының бір бөлігі саналады. Мигранттармен күрес шараларында таяуда босқындарды қабылдауға тыйым салу және Сирия, Ирак, Иран және басқа да мұсылман елдерінің азаматтарына америкалық виза беруді тоқтату қарастырылған.

Reuters және Associated Press агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ-ты паналап тұруға тыйым салу бірнеше айға - билік қатаң тексеру процесін енгізгенге дейін тоқтатылады. Бірақ бұл тыйым қудалаудан бас сауғалаған діни азшылық өкілдеріне жүрмейді.

Тағы бір агенттіктің аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, өзге бір жарлық бойынша Сирия, Ирак, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йеменнің кез-келген азаматына виза беру тоқтатылады.

Трамп 25 қаңтарда телеарнаға берген сұхбатында шекарадағы қабырға құрылысы бірнеше айда басталатынын айтты. Оның сөзінше, қабырға құрылысын әуелде АҚШ қаржыландырады, бірақ шығын біртіндеп Мексика есебінен өтеледі.

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер бұл құжаттардың шекарадағы бақылауды жақсартуға, оның ішінде заңсыз мигранттарды депортациялау шараларын күшейтуге бағытталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG