Accessibility links

Бакуде оппозиционерлер мен белсенділер сотталды


Бакудегі "Нардаран ісі" бойынша сот өтіп жатқан ғимарат. Әзербайжан, 25 қаңтар 2017 жыл.
Бакудегі "Нардаран ісі" бойынша сот өтіп жатқан ғимарат. Әзербайжан, 25 қаңтар 2017 жыл.

Баку соты әзербайжандық бірнеше оппозиционерді үкіметті құлатуға жария түрде шақырды, этникалық, діни және әлеуметтік араздықты тудырды деп айыптап, ұзақ мерзімдерге соттады.

Баку қалалық соты теолог, "Мұсылман бірлігі" тобының жетекшісі Талех Багирзаде мен оның орынбасары Аббас Хуйсейновты 20 жылға соттады. Оппозицияшыл "Халықтық майдан" партиясы төрағасының орынбасары Фуад Кахраманли 10 жылға сотталды. Тағы 16 адам төрт жылдан 19 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың Кахраманлиден өзгелері 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында Баку маңындағы Нардаран кентінде діни экстремизм күдігімен жүргізілген тінтулер кезінде ұсталған. Арнайы операцияда жеті адам, оның ішіндеекі полиция қызметкері қаза тапқан.

Кахраманли сол оқиғалардан соң Facebook-те тінтулер туралы пост жариялаған соң үкіметті құлатуға шақырды деген айыппен ұсталған.

Сотталғандардың адвокаттары олардың өз айыптарын мойындамайтынын және қолдан жасалды деп санайтынын мәлімдеді. Сотталғандардың кейбірі қылмысын азаптау арқылы мойындарына ілгенін айтады. Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, бұл іс бойынша барлығы 87 адам қамалған. Олардың кейбірі өткен жылы сотталған. Қазір екі сот процесі өтіп жатыр. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қарсыластары оны өзгеше ойлайтындарды басу үшін қылмыстық істі қолдан жасайды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG