Accessibility links

Ресейлік спортшы олимпиада медалінен айырылды


Татьяна Лебедова.
Татьяна Лебедова.

Пекин олимпиадасында үш қарғып секіруден күміс медаль алған ресейлік Татьяна Лебедова Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімімен жүлдесінен айырылды.

ХОК Лебедованың Пекинде тапсырған сынамасын қайта тексергенде, қанынан допинг табылған. Енді Лебедованың күміс медалі қазақстандық Ольга Рыпаковаға берілуі мүмкін.

Рыпакова Пекин олимпиадасы кезінде 4-орын алған. Ал 2016 жылы қола медаль алған грекиялық Хрисопия Деветцидің де сынамасынан допинг табылып, қола жүлде Рыпаковаға берілген.

XS
SM
MD
LG