Accessibility links

Италия: Қар көшкінінде қаза тапқан барлық адамның денелері табылды


Гран-Сассо таулы аймағындағы қар көшкіні басып қалған қонақүй. Италия, 19 қаңтар 2017 жыл.
Гран-Сассо таулы аймағындағы қар көшкіні басып қалған қонақүй. Италия, 19 қаңтар 2017 жыл.

Италияның орталық бөлігінде құтқарушылар қар көшкіні астында қалған барлық адамның денесін тапты. Осымен қар көшкіні басып қалған Rigopiano қонақүйінде қаза тапқандардың саны 29-ға жетті.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Гран-Сассо таулы аймағында болған жер сілкінісінен соң көшкін жүрген. Тау етегіндегі қонақүйде көшкін жүрген кезде 30-дан астам адам болған. 11 адам, оның ішінде төрт бала құтқарылған.

Осы аймақта 24 қаңтарда құтқару жұмыстарына қатысып жүрген тікұшақ құлап, алты адам қаза тапқан. Тікұшақ жарақат алған шаңғышыны эвакуациялау кезінде апат болған.

XS
SM
MD
LG