Accessibility links

Тегеран: Қираған ғимарат үйіндісі астынан сегіз адамның мәйіті шығарылды


Құтқарушылар өртеніп, қираған Plasco сауда ғимаратының үйіндісі астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр.
Құтқарушылар өртеніп, қираған Plasco сауда ғимаратының үйіндісі астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр.

Тегеранда құтқарушылар бригадасы құлаған көп қабатты ғимарат үйінділерінің астынан тағы сегіз адамның мәйітін алып шықты. Осылайша, көп қабатты ғимараттың қирап құлауынан қаза тапқаны расталған адам саны 15-ке жетті, олардың 11-і - өрт сөндірушілер.

19 қаңтарда Тегеранның орталығында 17 қабатты Plasco сауда ғимараты әуелі өртеніп, сосын қирап құлаған. Сол кезде Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары 30 шақты өрт сөндірушінің қаза болғаны туралы хабарлаған.

Иран билігі осы кезге дейін құрбандар санын нақты атамай отыр. Бірақ кем дегенде бес өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалды деп саналып отыр. Болжам бойынша, олар қаза тапқан болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG