Accessibility links

Мексика: АҚШ шекараға қабырға тұрғызғаны үшін ешнәрсе төлемейміз


Энрике Пенья Ньето, Мексика президенті.
Энрике Пенья Ньето, Мексика президенті.

Мексика АҚШ-пен шекарасында қабырға тұрғызылатыны үшін ешнәрсе төлемейді деп мәлімдеді осы ел президенті Энрике Пенья Ньето. АҚШ-тың Мексикамен шекарасына қабырға тұрғызу туралы кеше АҚШ президенті Дональд Трамп жарлық шығарған. Мексикалықтарға арналған үндеуінде Ньето Трамптың бұл шешімін айыптады. Оның сөзінше, қабырға салу шешімі Мехико Вашингтонмен сауда, қауіпсіздік және миграция салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа ережелері туралы келіссөз бастаған сәтте қабылданып отыр.

Ньето Мексика үкіметі АҚШ аумағындағы өз азаматтарының құқықтарын қорғау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.

25 қаңтарда Трамп АҚШ-тың Мексикамен шекарасына қабырға тұрғызу туралы жарлық шығарған. ABC News телеарнасына берген сұхбатында ол қабырға құрылысының жақын айларда басталатынын және оны Мексика жағы төлейтінін айтқан. Трамптың жарлығында қабырға тұрғызуға қаржының қайдан алынатыны айтылмаған.

XS
SM
MD
LG