Accessibility links

Ауғанстанның солтүстігінде аяздан 27 бала үсіп өлді


Ауғанстандағы қар (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы қар (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның солтүстігіндегі шалғай ауданда қалың қар мен қатты аяздан 27 бала көз жұмды деп хабарлайды жергілікті билік. Джаузджан уәлаятында түскен қалыңдығы жарты метрге жететін қар Дарз-Ааб ауданына баратын жолды жауып қалған. Аудан губернаторы Рахматулла Хашардың хабарлауынша, аймақта ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеп кетті. Губернатор өлген балалардың жасы беске толмағанын және қайғылы жағдайлар соңғы екі-үш күнде болғанын айтады. Ауданға жол әлі ашылмағандықтан құрбандар саны артуы мүмкін.

Бірақ уәлаят губернаторының орынбасары Реза Гафури аймаққа көмек жеткізілетінін айтады.

Ауғанстанда жыл сайын қыста қалың қар, аяз бен қар көшкінінен алыс, шалғай аудандарда ондаған адам қайтыс болады. Шалғай аудандарға көмек пен құтқару қызметі көбінесе жолдың нашарлығынан жете алмай жатады.

XS
SM
MD
LG