Accessibility links

Борис Джонсон: Батыс Асадқа қатысты ұстанымын өзгертуі керек


Борис Джонсон, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.
Борис Джонсон, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон Батыс елдері Сирия қақтығысын реттеу үшін Сирия президенті Башар Асад биліктен кетуі тиіс деген бұрынғы талабын қайта қарамаудан басқа амалы қалмауы мүмкін деп мәлімдеді.

"Біз ұзақ уақыт бойы Асад кетуі тиіс деген талапты мантра сияқты қайталай бердік. Бірақ ол талап орындалмады" деді Джонсон 26 қаңтарда Лондонда парламентте. Ол Ресейдің Башар Асадты қолдауына байланысты Сирия дағдарысын реттеу мәселесіне қауіп төніп тұрғанын айтты. "Бірақ мен саяси ландшафта өтіп жатқан өзгерістерді реалистік тұрғыдан бағамдауым керек, мүмкін біздің болып жатқан өзгерістерге деген ұстанымымызды қайта зерделеу керек шығар" деді Джонсон.

Ұлыбритания премьері Сирия қақтығысын реттеу туралы келісім аясында Башар Асадқа БҰҰ-ның бақылауымен сайлауға түсуіне рұқсат беруге болатынын білдірді. Мұндай сценарий Сириядағы БҰҰ бақылауымен өтетін билік транзиті кезінде Асадтың сайлауға қатысуы қажет дейтін Ресей мен Иранның ұстанымдарымен үндес келеді.

Борис Джонсонның мәлімдемесі Сирия мәселесіне қатысты Түркия вице-премьері Мехмет Шимшектің өткен аптада айтқан пікірімен қабысып тұр. Шимшек 20 қаңтарда Сирия дағдарысын Асадсыз реттеу "мүмкін емесін"мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG