Accessibility links

ТАСС: Путин Трамппен телефон арқылы сөйлеседі


Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

АҚШ президенті Дональд Трамп 28 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлеседі деп күтіліп отыр деп хабарлады Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Бұған дейін Песков Путиннің Трамппен алғашқы кездесуі қашан болатыны әзірге белгісіз екенін хабарлаған. Ол осы аптаның басында Ресей сыртқы істер министрлігі Вашингтонмен Трамп қызметіне кіріскен 20 қаңтардан бері екі ел басшыларының келіссөзіне қатысты байланысып отырғанын айтқан.

Трамп бұдан бұрын Ресеймен қарым-қатынасты дұрыстаудан үмітті екенін мәлімдеген. Трамп ант қабылдаған соң Ақ үй америка сыртқы саясатының басты бағыты "радикалды исламшыл террористік топтармен" күрес болатынын мәлімдеген. Ақ үй бұған қоса АҚШ-тың бұл мақсатта табысқа жету үшін қажет болса "бірлескен түрде және коалиция құрамында әскери операциялар" жүргізуден тайынбайтынын да мәлімдеген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бұған дейін АҚШ пен Ресейдің мүдделері "сай келетінін" және Мәскеудің Трамп әкімшілігінің нақты ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін білдірген. "Путиннің бір жарым жыл бұрын терроризммен күресте толық ауқымды, біртұтас майдан құруға шақырғанын естеріңізге салайын. Бұл бастама әлі күнге өзекті" деді Лавров 23 қаңтарда Будапеште.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG