Accessibility links

СІМ: Ауғанстанда ұсталған қазақстандықты қайтаруды ойластырып жатырмыз


"Терроризм" айыбымен Атырау қалалық ішкі істер басқармасындағы іздеу жарияланған Дамир Зналиевтің суреті. Атырау, 11 қыркүйек 2011 жыл.
"Терроризм" айыбымен Атырау қалалық ішкі істер басқармасындағы іздеу жарияланған Дамир Зналиевтің суреті. Атырау, 11 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда терроризм күдігімен ұсталған Дамир Зналиев есімді адамның Қазақстан азаматы екенін растады.

Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың сөзінше, Атырау облысының тумасы, 1989 жылы туған Дамир Зналиев 19 қаңтарда Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль уәлаятында ұсталған. Ауған құқық қорғау органдары оны террористік іс-әрекетпен айналысты деп күдіктенеді. Жайнақов Зналиевке бұған дейін халықаралық іздеу жарияланғанын, қазір Қазақстанның құзырлы органдары Зналиевті экстрадициялау жайын қарастырып жатқанын айтты.

Бұған дейін ауған ақпарат құралы Ауғанстанның солтүстігінде операция барысында күдікті екі содырдың ұсталғанын, олардың бірі Қазақстаннан, екіншісі Өзбекстаннан шыққанын хабарлаған.

2011 жылы жазда Қазақстан бас прокуратурасы Дамир Зналиев пен Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов дейтін азаматтар "террористік топ құрғанын", ол топтың Қазақстан аумағында жиһад жүргізу мақсатында құрылған "Халифат сарбаздары" террористік ұйымымен байланыс орнатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG