Ресей мемлекеттік думасы бүгін отбасындағы зорлық-зомбылықты декриминализациялау туралы заң жобасын үшінші және соңғы оқылымында мақұлдады. Құжатты 380 депутат қолдап, 3 депутат қарсы дауыс берді.
Заң жобасы бойынша, жақын туысынан бір рет таяқ жеу фактісі қылмыстық іс санатынан әкімшілік құқық бұзушылық категориясына өтеді. Екінші рет соққыға жыққаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілік көріледі. Заңға мұндай өзгеріс енгізуді жақтайтындар осылайша дәстүрлі отбасы құндылығын қорғамақ екенін айтады.
Human Rights Watch және Amnesty International құқық қорғау ұйымдары мен Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Ресей депутаттарын заң жобасын қабылдамаға шақырды. Олар заң қабылданса отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары қорғаусыз қалады дейді.