Accessibility links

Норвегия: Ресей Нобель комитетіне ықпал етпекші болған


Нобельдің бейбітшілік сыйлығы иегеріне тапсырылатын медаль.
Нобельдің бейбітшілік сыйлығы иегеріне тапсырылатын медаль.

Норвегия қауіпсіздік қызметі Ресей 2015 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын Украина президенті Петр Порошенкоға бергізбеу мақсатымен сыйлықты тағайындау комитетіне ықпал етпекші болды деп күдіктенеді.

Норвегияның NRK мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 2015 жылы жазда интернетте және бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында сол кезде Украина Жоғарғы Радасы спикері болған Владимир Гройсманның атынан америкалық дипломатқа жазылған делінетін жалған хат жарияланған. Онда Гройсман АҚШ-қа "Порошенконы Нобель сыйлығына ұсынғаны" үшін алғыс білдірген. Норвегия қауіпсіздік қызметі жалған хат Нобель сыйлығын тағайындайтын комитет беделін түсіру мақсатымен жарияланған деп санайды.

Екі аптадан соң ресейлік екі дипломат норвегиялық Нобель институты директоры Улав Ньёлстадпен АҚШ тарапынан Нобель комитетіне "қысым жасалуын" талқылау үшін кездескен. Норвегия арнайы қызметінің мәліметі бойынша, әлгі екеудің бірі - Ресей сыртқы барлау қызметінің өкілі. Норвегиядағы Ресей елшілігі кездесу туралы ақпаратты растаған, бірақ дипломаттардың барлау қызметімен байланысын жоққа шығарған.

2015 жылы Нобель комитеті бейбітшілік сыйлығын Тунистегі 2011 жылғы революция кезінде плюралистік демократияны қалыптастыруға қосқан үлесі үшін сол елдің Ұлттық диалог төрттігіне берген еді. Сол жылы сыйлыққа ұсынылғандар арасында Украина президенті Порошенконың болған-болмағаны белгісіз. Қалыптасқан ережеге сәйкес, Нобель сыйлығына ұсынылған үміткерлер есімі сыйлық табыс етілген соң 50 жылдан кейін ғана жарияланады.

XS
SM
MD
LG