Accessibility links

Ауғанстан әскери қызметтегі әйел санын көбейтпек


Ауғанстан армиясында қызмет атқаратын әйелдер. (Көрнекі сурет.)
Ауғанстан армиясында қызмет атқаратын әйелдер. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстан қорғаныс министрлігі әскер қатарындағы әйелдер санын 10 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Министрлік өкілі Мұхаммед Радманештің мәлімдеуінше, үкіметтің әйелдерді ынталандыру мақсатында қабылдаған бірқатар шаралары арасында әскер қатарына жаңадан алынатын әйелдердің жалақысына ақша қосу да қарастырылған.

"Қазіргі кезеңде ауған армиясы қатарында 1575 әйел бар, бұл тым аз – бар болғаны 3-4 пайыз ғана, біз оны 10 пайызға дейін жеткізгіміз келеді" деген ол.

Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, қазіргі кезде армия қатарына жаңадан алынған 400-ге жуық ауған әйелі дайындықтан өтіп жатыр.

Консервативтік көзқарас үстем Ауғанстан қоғамында әйелдердің армия қатарында қызмет атқаруы - даулы тақырыптардың бірі.

XS
SM
MD
LG