Accessibility links

Шымкентте эстафетаға бола қоғамдық көлік бөгелді


Ахмет Байтұрсынов көшесі мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында кептелісте тұрған көліктер. Шымкент. 28 қаңтар 2017 жыл.
Ахмет Байтұрсынов көшесі мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында кептелісте тұрған көліктер. Шымкент. 28 қаңтар 2017 жыл.

Бүгін Шымкентте 28-қысқы Универсиада алауы эстафетасы өтіп жатыр. Таңертеңгі сағат 10:00-де басталған 12 шақырымдық эстафетаға байланысты қала орталығындағы бір-бірімен қиылысатын Б.Момышұлы, А.Байтұрсынов және Желтоқсан көшелері, Әл-Фараби алаңы мен Тәуке хан және Д.Қонаев даңғылдарының бір бөлігі екі сағатқа жабылды.

Аталған көшелермен өтетін жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктер бағытын өзгертіп жүруге мәжбүр болды. Орталықтағы бірнеше көшеде көлік кептелісі пайда болды.

«Әдетте 5-10 минутта жететін жерге жарты сағатта әрең жеттік» дейді 54-бағыттағы автобусқа мінген зейнеткер.

Ұйымдастырушылар эстафета өтетіні туралы бір күн бұрын тұрғындарға СМС-хабарлама таратып ескерткен.

Байтұрсынов көшесіндегі Спортшылар аялдамасында қоғамдық көліктердің жүру уақытын бақылаушының Азаттық тілшісіне айтуынша, бүгін қоғамдық көліктер кестедегі уақытынан жарты сағаттай кешігіп келген.

Эстафетаға байланысты бүгін сағат 14:00-16:00 аралығында Д.Қонаев даңғылы мен Бәйдібек би көшесі жабылатыны хабарланды.

XS
SM
MD
LG