Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавл қаласында бірнеше білім беру мекемесі тұмау және тыныс жолдары арқылы жұғатын дерттің (ОРВИ) өршіп кетуіне байланысты уақытша жабылды деп хабарлайдыTengrinews сайты.
Жұқпалы дертке байланысты 1-гимназия мен 12-орта мектепте және оның жанындағы шағын орталықта карантин жарияланып, балалар кезектен тыс каникулға жіберілген. Сонымен бірге ОРВИ-ге шалдыққандар саны 30 пайыздан асқандықтан "Искорка" балабақшасында да карантин енгізілген.
Петропавлдағы 26-мектеп-балабақша мен 31-орта мектепте бірнеше сынып оқушылары сабақтан босатылған.
Кезектен тыс каникул ақпанның 3-іне дейін жалғасады.