Accessibility links

Шымкентте Венгрия консулдығы ашылды


Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына саяхаттап келген венгр азаматтарына жергілікті жұрт бауырсақ пен қымыз ұсынды. 2009 жылғы мамыр айы. (Көрнекі сурет.)
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына саяхаттап келген венгр азаматтарына жергілікті жұрт бауырсақ пен қымыз ұсынды. 2009 жылғы мамыр айы. (Көрнекі сурет.)

Венгрия сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Миклош Иштван мен Қазақстандағы Венгрия елшісі Андраш Баранидің Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бүгін Шымкент қаласында Венгрия консулдығы ашылды.

- Бүгінде венгрлер Қазақстанға виза рәсімдемей-ақ келе алады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті дамытуға және іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді, - деген елшінің консулдықты ашу рәсімінде айтқан сөзін келтірген Қазақпарат.

Жергілікті OTAU Group компаниясы президенті Ұайрат Молдасейітов Қазақстандағы Венгрияның құрметті консулы болып тағайындалған.

Бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Венгрия үшін Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейін үшінші сауда серіктесі болып табылады деп хабарлайды Қазақпарат.

XS
SM
MD
LG