Accessibility links

Трамп пен Путин телефонмен сөйлесті


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путиннің фотоларынан коллаж.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні телефон арқылы әңгіме өткізді. Бұл Трамптың қызметіне ресми кіріскелі бері алғаш рет Путинмен сөйлесуі.

Ақ үй таратқан мәлімдемеде екі басшының 40 минутқа жуық уақытқа созылған "позитивті" әңгіме "Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы жақсартуды қажет ететін қарым-қатынастардың маңызды бастауы" екені айтылған.

«Президент Трамп та, президент Путин де бүгінгі әңгімеден кейін екі тарап терроризммен күрес және өзара мүдделілік танытып отырған күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша жылдам ілгерілейтін болады деп үміттенеді» делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Ресей президентінің баспасөз қызметі телефон әңгімесі барысында екі елдің басшылары "Ислам мемлекеті" террорлық тобы мен Сириядағы оған ұқсас өзге де ұйымдарды жою мақсатында АҚШ пен Ресейдің іс-әрекеттерін шынайы түрде үйлестіруді жолға қоюды" құптайтындарын білдірді деп хабарлады. Сонымен бірге, Путин мен Трамп әңгіме барысында халықаралық тақырыптағы өзге де мәселелерді, соның ішінде "Таяу Шығыстағы ахуал, Иранның ядролық бағдарламасы мен Корея түбегіне қатысты жағдай, Украина дағдарысының негізгі аспектілерін" талқылады дейді Ресей тарабы. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин мен Дональд Трамп екеуара кездесуге дайындықты бастау туралы келіскен.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Путин мен Трамптың әңгімесінде Ресейге салынған санкция мәселесі қозғалмаған.

АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің айтуынша, Трамп Путинмен сөйлеспес бұрын Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімелескен.

XS
SM
MD
LG