Accessibility links

Меркель мен Олланд Трампқа НАТО және Сирия жайлы айтты


Ойыншық қуыршақтарға салынған Ангела Меркель, Дональд Трамп және Франсуа Олландтың бейнелері. (Көрнекі сурет.)
Ойыншық қуыршақтарға салынған Ангела Меркель, Дональд Трамп және Франсуа Олландтың бейнелері. (Көрнекі сурет.)

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Германия канцлері Ангела Меркель сенбі күні телефон арқылы өткен әңгімеде екі елдің қарым-қатынастары өзара қауіпсіздік саласында маңызды роль атқаратыны туралы айтқан.

Вашингтон мен Берлиннің хабарлауынша, екі елдің лидерлері терроризм және экстремизмге қарсы күресте ынтымақтастықты жандандару туралы уағдаласқан. Сонымен бірге екі тарап НАТО одағының маңызды роль атқаратындығына және барлық серіктес елдер ұжымдық қауіпсіздік ісіне "әділетті қаржылай үлес" қосуға тиіс екендігіне келіскен.

Сол күні Дональд Трампен телефон арқылы сөйлескен Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ жетекшісіне протекционизмнің экономикалық және саяси қауіпті салдары туралы айтқан. Француз президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олланд Трампқа БҰҰ-ның қатысуынсыз Сириядағы жанжалды конструктивті түрде реттеуге қол жеткізу мүмкін емес екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG