Accessibility links

Иран Трамптың иммигранттарға қатысты тыйымын сынады


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамптың жеті мұсылман елінің азаматтарының АҚШ-қа келуіне тыйым салу туралы жарлығын "экстремистер мен оларды жақтайтындар үшін таптырмас сыйлық" деп атаған.

Оның жазуынша, "ұжымдық дискриминация экстремистік демагогтар өз қатарын толықтыру үшін пайдаланатын бөліп-жаруды одан ары тереңдетіп, терроршыларға адам жинауға септеседі".

АҚШ-ты "шетелдік терроршылардан" қорғауға уәдет еткен Трамп жұма күні елге келушілерді қатаң тексерудің жаңа тәртібі нақтыланғанша Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Сирия, Судан және Йеменнен иммигранттар қабылдауды 90 күнге тоқтату туралы жарлық шығарған.

Иран сыртқы істер министрлігі бұған жауап ретінде АҚШ азаматтарының елге кіруіне тыйым салатыны жөнінде мәлімдеген. Бірақ, ондай шектеулер осыған дейін Иран визасын алған америкалықтарға қарсы қолданылмайды деп хабарлаған министр Зариф.

XS
SM
MD
LG