Accessibility links

Британ премьері Түркия президентімен кездесті


Түркия картасы
Түркия картасы

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Анкарада түрік президенті Режеп Ердоғанмен кездескеннен кейін ез елі Түркиямен сауда қатынастарын жандандыратыны туралы мәлімдеді.

Президент Ердоған Түркияның Ұлыбританиямен жылдық сауда айналымы көлемін қазіргі 15,6 миллиард доллардан 20 миллиард долларға дейін көбейту жоспары туралы айтқан.

Екі ел жетекшілерінің Анкарадағы кездесуінен кейін Ұлыбританияның Түркияға әскери ұшақтарды дайындауға жәрдемі ретінде көлемі 100 миллион фунт стерлингті құрайтын келісім жасалғаны туралы жарияланды.

Тереза Мэй Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан шыққаннан кейін Лондон мен Анкара өзара сауда қатынастарын дамыту үшін бірлескен жұмысшы тобын құратыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды ВВС.

XS
SM
MD
LG