Accessibility links

Трамп ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрамына өзгеріс енгізді


Стив Бэннон.
Стив Бэннон.

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) құрамына өзінің бас стратегі Стив Бэннонды енгізді.

Қаңтардың 28-і күні Трамп қол қойған жарлыққа сәйкес, Бэннон ұлттық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тұрақты түрде қатысатын болады. Президент жарлығында ұлттық барлау директоры мен штаб басшыларының бірлескен комитеті төрағасына ҰҚК отырысына тек олардың "міндеті мен тәжірибесіне" қатысы бар тақырып қозғалғанда ғана қатысатын болады.

Бұған дейінгі Ақ үй әкімшіліктері кезінде ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар саясат мәселелерімен айналысатын ҰҚК-нің барлық отырыстарына барлау директоры мен жоғарғы лауазымды әскери қызмет атқаратын тұлға үнемі қатысып келген.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі АҚШ президентіне ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы істер мәселелері бойынша кеңес береді.

"21-ғасырда Құрама Штаттар алдында тұрған қауіпсіздікке төнетін қатерлер халықаралық шекарадан асып отыр" делінген жарлықта. "Тиісінше, бұл проблемаларды шешу үшін АҚШ үкіметі құрамындағы құрылымдар мен процестер де бейімделе әрі түрлене алатындай болуы керек".

Сонымен бірге Трамп өз әкімшілігі қызметкерлеріне шетел үкіметтерінің мүддесін қорғауға өмір бойына және ішкі лобби қызметімен айналысуға бес жылға дейін тыйым салынатыны туралы жарлық шығарған.

XS
SM
MD
LG