Accessibility links

Дағыстанда арнайы жасақ үш күдіктінің көзін жойған


Дағыстан картасындағы Хасавюрт ауданы.
Дағыстан картасындағы Хасавюрт ауданы.

Ресей билік орындары Дағыстандағы Хасавюрт қаласында қауіпсіздік күштері терроршы деген күдікке ілінген үш адамның көзін жойғаны туралы хабарлады. Ресей ішкі істер министрлігінің Дағыстандағы бөлімінің хабарлауынша, арнайы жасақ күдіктілер жасырынған үйді қоршауға алған соң, оларға өз еріктерімен берілуді ұсынға.

«Күдіктілер берілуден бас тартып, атыс барысында оққа ұшқан» деп хабарлады ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі. Билік таратқан ақпаратта жергілікті тұрғындар мен құқық органдары қызметкерлері арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы айтылмаған.

Солтүстік Кавказда «Ислам мемлекетін» құруды көксейтін экстремистердің қатысуымен Дағыстанда қарулы іс-қимылдар жиі болады. Дағыстан мен Солтүстік Кавказдың өзге де аудандарында кейбір содырлар Ресейде қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына адал болуға серт берген.

XS
SM
MD
LG