Accessibility links

БАҚ: Ресей Катыньда музей тұрғызбақ


Сталиндік репрессия құрбаны болған поляк әскерилеріне арналған "Катынь" мемориалдық кешені. 6 шілде 1990 жыл.
Сталиндік репрессия құрбаны болған поляк әскерилеріне арналған "Катынь" мемориалдық кешені. 6 шілде 1990 жыл.

Ресей Смоленск қаласы маңындағы Катынь селосында ресей-поляк қатынастары музейін құрмақшы деп хабарлады Польшаның "Речьпосполита" газеті ресейлік әскери-тарихи қоғамы атқарушы директоры Владислав Кононовқа сілтеме жасап. Оның сөзінше, мемориалдық зираттың ресейлік бөлігінде орналасатын ғимаратқа 20-ғасырдағы ресей-поляк қатынастарына арналған экспозиция қойылады. Кононов экспозиция поляктарға емес, ресейліктер назарына арналады деп мәлімдеген.

Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский қаңтардың 26-сы күні "ресейліктерге және олардың Польшаны азат етуге қатысы жайлы барлық нәрсені алып тастайтын" поляктарға қарағанда ресейліктер Катыньда мемориал тұрғызуға тырысады деп мәлімдеген. Ол мемориал 1940 жылы Сталиннің бұйрығымен атып өлтірілген поляктар жерленген әскери зираттан басқа жерде тұрғызылады деп хабарланған.

Газеттің мәліметі бойынша, Ресей мәдениет министрлігі мақұлдаған жоба 2017 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Катынь әскери зиратына 1939 жылы СССР мен нацистік Германия Польшаны бөліске салғаннан кейін сталиндік репрессия құрбанына айналған поляктың төрт мыңға жуық әскери қызметкері жерленген.

XS
SM
MD
LG