Accessibility links

Донецк түбіндегі қақтығыста төрт украин сарбазы оққа ұшты


Донецкіден солтүстікке қарай орналасқан Авдеевка ауданында сепаратистермен ұрыс кезіндегі украин сарбазы. Қараша 2016 жыл.
Донецкіден солтүстікке қарай орналасқан Авдеевка ауданында сепаратистермен ұрыс кезіндегі украин сарбазы. Қараша 2016 жыл.

Украина билігінің мәлімдеуінше, елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыста төрт үкімет солдаты оққа ұшты. Украина қорғаныс министрі Степан Полторак пен әскери қолбасшылық өкілі Александр Мотухзанюк қақтығыс Донецкіден солтүстікке қарай Авдеевка ауданында болғанын мәлімдеді. Бұл ауданда ірі коксхимиясы зауыты мен металл конструкциясы зауыты орналасқан.

Мотузанюктің сөзіне қарағанда, сепаратистер жағынан кем дегенде бір адам қаза болған. Ұрыста ірі калибрлі минометтер мен артиллерия қолданылған. Украинаның шығысындағы қақтығыс 2014 жылы көктемде басталған. Соңғы рет бітім өткен жылдың желтоқсанында жарияланған.

Үш жылға созылған қақтығыстан 9750-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG