Accessibility links

АҚШ-та жаңа миграциялық ережелерге қарсылық танытып жатыр


Ақ үй алдында өтіп жатқан миграциялық ережеге қарсылық акциясы. Вашингтон, 29 қаңтар 2017 жыл.
Ақ үй алдында өтіп жатқан миграциялық ережеге қарсылық акциясы. Вашингтон, 29 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың бірнеше қаласында ондаған мың адам президент Дональд Трамптың елге жеті мұсылман елінен мигранттар мен босқындардың кіруін шектейтін миграциялық ережелеріне қарсылық акцияларын өткізіп жатыр. 29 қаңтарда Нью-Йорктегі акцияға қатысқан демократ сенатор Чак Шумер жаңа ережені "америкалық ереже емес" деп атады.

Бостонның орталығында өткен демонстрацияға он мыңнан астам адам қатысты. Вашингтонда мыңдаған адам Ақ үйдің алдына жиналып, "Оларды жіберіңдер!" деп ұрандатып, "Біз барлығымыз мұсылманбыз" деген жазу жазылған плакат ұстап шықты. Наразылық маршы Хьюстон, Детройт, Сент-Луис және Лос-Анжелесте өтті. Трамптің жарлығынан соң АҚШ әуежайына келген жүздеген адам, депортацияланып жатыр.

XS
SM
MD
LG