Accessibility links

Франция: Социалистер праймеризінде Бенуа Хамон алда тұр


Бенуа Хамон, француз социалист саясаткері.
Бенуа Хамон, француз социалист саясаткері.

Францияда Социалистік партия праймеризінің екінші кезеңінде алдын ала нәтиже бойынша депутат Бенуа Хамон бұрынғы премьер-министр Мануэль Вальстен алда тұр. Бенуа Хамон берілген дауыстың 58 пайызын жинаған. Хамон бірқатар либералды ұсыныстар жасаған. Вальс үкіметте қызмет істегенде тәжірибе жинағандықтан өзін лайықты кандидат санайды.

Қоғамдық пікірге жасалған талдау бойынша, Хамон да, Вальс те сәуірде өтетін президент сайлауының алғашқы кезеңінен ары аса алмайды. Өзге кандидаттар - солшылдар өкілі Марин Ле Пен, консерватор Франсуа Фийон, тәуелсіз центрист Эммануэль Макрон және әсіре солшыл саясаткер Жан-Люк Меланшонның рейтингтері Вальс пен Хамоннан әлдеқайда жоғары тұр.

XS
SM
MD
LG