Accessibility links

Фархади "Оскар" сыйлығының марапатына барудан бас тартты


Асгар Фархади, ирандық режиссер.
Асгар Фархади, ирандық режиссер.

Ирандық белгілі режиссер Асгар Фархади АҚШ-тағы жаңа миграциялық саясатқа қарсылық ретінде "Оскар" сыйлығын тапсыру салтанатына бармайтынын мәлімдеді. Фархадидің жаңа "Коммивояжер" фильмі таяуда "Оскар" сыйлығына "Ең үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша ұсынылған. Фархади 29 қаңтарда жасған мәлімдемесінде марапаттауға баруды жоспарлағанын, бірақ қазір егер өзіне жеке рұқсат беріп, АҚШ-қа кіруіне рұқсат еткен жағдайда да марапаттауға қатысуды "дұрыс көрмейтінін" айтады.

Бұған дейін "Коммивояжерде" басты рөлді ойнаған актриса Таране Алидости жаңа ережелерді "нәсілшілдік" деп атап, марапаттауға бармайтынын мәлімдеген.

29 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандар басым тұратын жеті ел - Ирак, Иран, Судан, Сомали, Сирия, Ливия мен Йеменнен шыққан босқын мәртебесін сұрап келетіндердің, мигранттар, америкалық грин-картасы барлардың АҚЩ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын заңға қол қойған. Жаңа ереже қос азаматтығы бар және Еуропа елдерінің бірінің азаматтығы бар, бірақ осы жеті елден шыққандарға да қатысты.

XS
SM
MD
LG