Accessibility links

Универсиада: Қазақстан фристайлдан күміс және қола алды


Жанбота Алдабергенова Универсиада жарысында. Алматы. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет универсиада баспасөз қызметінен алынды).
Жанбота Алдабергенова Универсиада жарысында. Алматы. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет универсиада баспасөз қызметінен алынды).

Алматыда өтіп жатқан Қысқы универсиаданың бірінші күні қазақстандық Жібек Арапбаева фристайлдың акробатика түрінен күміс алды. Алтыннан үміткер саналған Жанбота Алдабергенова қола медальге ие болды. Алтынды қытайлық Жун Вингянг иеленді.

Жарыстың супер финалына төрт спортшы - қазақстандық Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева, қытайлық Жун Вингянг және белаурсь спортшысы Вера Ляшкевич шыққан. Жанбота Алдабергенованың алтын алуға мүмкіндігі болғанымен, супер финалда сәтті өнер көрсете алмады.

Қазақстан универсиадада осымен бір күміс, екі қола алып отыр. Бүгін, 30 қаңтарда шаңғымен бес километрге жүгіруде Анна Шевченко қола медаль иеленген.

Алматыдағы универсиада 8 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG