Accessibility links

Квебек билігі: Ислам мәдени орталығына жасалған шабуыл - теракт


Квебектегі атыс болған ислам мәдени орталығының жанында тұрған жедел жәрдем көлігі. Канада, 29 қаңтар 2017 жыл.
Квебектегі атыс болған ислам мәдени орталығының жанында тұрған жедел жәрдем көлігі. Канада, 29 қаңтар 2017 жыл.

Канаданың Квебек қаласының премьері Филип Куйяр қаладағы ислам мәдени орталығында болған атысты "тағылық зорлық-зомбылық" деп атапғ "мұсылмандарға қарсы теракт" деп бағалады.

Квебек қаласы полициясы ислам мәдени орталығында кешкілік құлшылық кезінде болған атыста бірнеше адамның қаза болғанын хабарлады. Полицияның баспасөз хатшысы бұған дейін екі адамның ұсталғанын хабарлаған. Ислам мәдени орталығының президенті бес адамның қаза болғанын айтады. БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, атыстан кем дегенде төрт адам оққа ұшқан. Полиция әзірге құрбандардың нақты санын айтпай отыр.

Канада премьер-миинстрі Джастин Трюдо бұған дейін Twitter-де "Канадалықтар бұл түні Квебектегі мешітке жасалған шабуылдан қаза тапқандарды жоқтайды. Қазір құрбан болғандар мен олардың отбасы туралы ойлап отырмын" деп жазды.

Reuters агенттігі оқиғаға куә болған адамға сілтеме жасап ислам мәдени орталығында 40 шақты адам болғанын, оларға үш қарулы адам оқ атқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG