Accessibility links

Тәжікстанда қар көшкінінен жеті адам қаза тапты


Тәжікстанда жолды қардан тазалап жүрген техника. 29 қаңтар 2017 жыл.
Тәжікстанда жолды қардан тазалап жүрген техника. 29 қаңтар 2017 жыл.

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Таулы Бадахшан аймағында қар көшкінінен кем дегенде жеті адам қаза тапты деп хабарлады бүгін осы елдің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Умеда Юсуфова Азаттықтың Тәжік редакциясына.

Оның айтуына қарағанда, құтқарушылар Таулы Бадахшан аймағы мен Душанбе-Худжанд жолын аршып, тазалап жатыр. Мұнда соңғы бір аптада қардың қалың түсіп, артынша ауа-райының күрт жылынуы салдарынан 40-тан астам үлкен қар көшкіні тіркелген.

Ресми органдар 28 қаңтарда қар көшкіні жолды басып қалғанда 500-ге тарта адам көліктерінде қалып қойғанын, қазір олардың құтқарылғанын айтты.

Тәжікстан территориясының 90 пайыздан астамы таулы болып келеді. Жыл сайын бұл елде қар көшкіні мен тасқыннан ондаған адам құрбан болады.

XS
SM
MD
LG