Accessibility links

Боқаев пен Аянды этаппен Атыраудан Ақтөбедегі абақтыға жеткізді


Белсенділер Талғат Аян (сол жақта) мен Макс Боқаев сот залында. Атырау, 28 қазан 2016 жыл.

Жер реформасына қарсы митингілерге қатысқан соң сотталған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян Атыраудан Ақтөбедегі абақтыға жеткізілді. Белсенділердің Ақтөбеде екенін Азаттыққа Талғат Аянның әкесі әрі адвокаты Төлепқали Аян хабарлады. Адвокат бүгін Ақтөбедегі абақтыда болып, Боқаевпен және Аянмен кездескен.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, екі белсендіні алдымен Атырау түбіндегі түрмеге алып барған, бірақ ол жерде белсенділерді түсірмей, тұтқындарды тасымалдайтын вагонға ауыстырған. Төлепқали Аян белсенділер өткен сенбіден бері Ақтөбедегі абақтыда екенін айтады.

Бүгін бұдан бұрын Макс Боқаевтың адвокаты Ақмарал Боқаева Facebook-те Атыраудағы абақтының басшылығынан түскен екі хабарламаны жариялаған. 25 қаңтар деп белгіленген бір құжатта Боқаевтың 26 қаңтар күні Атырау түбіндегі түрмеге (УГ-157/9 мекемесі) жіберілгенін айтылады. Мерзімі 30 қаңтар деп көрсетілген екінші хабарламада Боқаевтың 27 қаңтарда этаппен Петропавл түбіндегі ЕС-164/3 мекемесіне жіберілгені айтылған.

Адвокаттың ақпаратына қарағанда, Боқаев пен Аянды 3 ақпанда тұтқындарға арналған вагонмен алып кетеді. Ол вагон Оралдан шығып, Ақтөбеге, одан ары Таразға баруы мүмкін. Петропавлдағы түрмеге жеткізілмес бұрын сотталған белсенділер транзитпен Астанадағы абақтыда болуы ықтимал.

26 қарашада Атырау облыстық соты Талғат Аян мен Макс Боқаевты "заңсыз митингтер ұйымдастырды", "жалған ақпараттар таратты", "ұлтараздық тудырды" деп айыптап, 5 жылға соттаған. Сот сонымен бірге оларға үш жыл қоғамдық жұмыспен айналысуға шектеу қою және 250 айлық көрсеткіш есебінде (бір АЕК - 2121 теңге) айыппұл салу туралы үкім кесті. Үкім бойынша, Боқаев пен Аян жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуі тиіс. Боқаев пен Аян өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Боқаев пен Аянның сотталғанын айыптады. Құқық қорғаушылар бұған дейін бейбіт қарсылық акцияларына қатысу және наразылығын білдірудің қылмыс емес екенін мәлімдеген. Олар Астананы Боқаев пен Аянды босатуға шақырады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG