Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, дәстүрлі жолдауының мәтіні қаңтардың 31-і күні баспасөзде жарық көретінін хабарлады.
"Ертең Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдау жария болады. Президент жолдауын заңға сәйкес ауызша және жазбаша түрде жасай алады. Биыл мен екінші жолын таңдадым" деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті биылғы жолдауын "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" деп сипаттады.
Қазақстан президенті қаңтардың 25-і күні де телеарналарға шығып, билік тармақтары арасындағы өкілеттілік бөлісуі жайында үндеу жариялаған.