Accessibility links

Лондон: Трамптың Ұлыбританияға сапары күшінде қалады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

Ұлыбритания билігі АҚШ президенті Дональд Трампты елге сапарлап келуге шақыру оның сапарын тоқтатуға шақырған онлайн петицияға қол қойғандардың саны бір миллион адамнан асып кеткеніне қарамастан күшінде қалатынын мәлімдеді. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен сыртқы істер министрі Борис Джонсон шақырту күшінде екенін мәлімдеді.

"Ол бізге басты одақтас жақын мемлекеттің сайланған басшысы. Оның сапарын доғаратындай ешқандай себеп жоқ" деді Джонсон. Трамп АҚШ-қа мұсылмандар басым тұратын жеті мемлекет азаматтарының келуіне уақытша тыйым салу туралы жарлық шығарған соң оның Ұлыбританияға сапарын тоқтату туралы петицияға 1,3 миллионнан астам адам қол қойды. Ұлыбританиядағы барлық негізгі оппозициялық партиялар да Трамптың сапарына қарсылық танытып жатыр. Трамп Ұлыбританияға биыл сапарламақ.

XS
SM
MD
LG