Accessibility links

Ресей атлеттері қысқы паралимпиадаға іріктеу жарыстарынан шеттетілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық паралимпиада комитеті ресейлік спортшыларды 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу жарыстарына қатысудан шеттетті. Паралимпиада комитетінің атқару комитеті Мәскеудің допингпен тиімді күрес жүргізіп жатқанына сенімді кепілдеме ұсына алмады деп мәлімдеп, Ресей паралимпиада комитетінің жарыстарға қатыстыру туралы өтінішін қабылдамай тастады.

Ресей паралимпиада комитеті спортшылардың жарыстырға қатысу мәселесі белгісіз болып қалғанына қарамастан атлеттерді дайындауды жалғастыра беретінін хабарлады. 2016 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресейде допингті қолдайтын мемлекеттік бағдарлама бары туралы есебін жариялаған соң ресейлік паралимпиадашылар Бразилияда өткен жазғы паралимпиада ойындарына қатыстырылмаған. Агенттік есебінде 2011 жылдан бастап 30 спорт түрі бойынша 1300-ден астам спортшы тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны айтылады.

Ресей допинг қолдану фактісін мойындағанымен, оның ұйымдастырылған түрде жасалғанын және мелмекет қолдағанын терістеген.

XS
SM
MD
LG