Accessibility links

АҚШ сенаты Тиллерсонның кандидатурасын талқылау мерзімін азайтты


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат.

АҚШ сенаты мемлекеттік хатшылыққа ұсынылған Рекс Тиллерсонның кандидатурасын дауысқа салу мерзімінн 30 сағатқа дейін қысқартуды мақұлдады. АҚШ-қа жеті мұсылман елдері азаматтарының кіруіне тыйым салуға қатысты дискуссияны талқылау үшін Тиллерсонның кандидатурасын талқылауды қысқартуды 56 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берді. Тиллерсонның кандидатурасына дауыс беру бүгін немесе ертең өтеді деп күтіліп отыр.

Сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумердің дауыс беруді кейінге қалдыру туралы әрекеті сәтсіз болды. Шумер Тиллерсон президент Дональд Трамптың Африка мен Таяу Шығыстың жеті мұсылман елінің азаматтарының АҚШ-кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлығына реакция білдіруі тиіс деген.

Дональд Трамп тыйым елді "шетелдік террористерден" қорғау үшін енгізілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG