Accessibility links

Универсиада: Шаңғышы Анна Шевченко тағы бір қола ұтты


Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиада жарысында. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды).
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиада жарысында. 30 қаңтар 2017 жыл (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды).

Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында қазақстандық Анна Шевченко әйелдер арасында шаңғымен бес километр қашықтыққа із қуу жарысында қола медаль ұтып алды. Бұл жарыста алтын және күміс жүлдені ресейлік спортшылар Анна Нечаевская мен Лилия Васильева ұтып алды.

Анна Шевченко бұл универсиадада осымен екінші қола жүлдеге ие болды. Кеше жарыстың алғашқы күнінде ол шаңғымен бес километрге жүрігуде де қола алған. Бұл жарыстың да алтын және күміс жүлделерін Васильева мен Нечаевская иеленген болатын.

Алматыда 28-Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты 29 қаңтарда өткен. Универсиада ойындары ақпанның 8-іне дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG