Accessibility links

Универсиада: Қазақстан алғашқы алтынын алды


Қазақстандық Алина Райкова Алматыдағы универсиада жарысында. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).
Қазақстандық Алина Райкова Алматыдағы универсиада жарысында. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова Алматыда өтіп жатқан универсиадада 15 километрге жекелей жарыста алтын медаль иеленді. Ол ату кезінде екі қателік жіберіп, мәреге 59 минут 48 секунд нәтижемен келді.

Екінші орынды тағы бір қазақстандық Галина Вишневская иеленді. Ол ату кезінде төрт қателік жіберді және жеңімпазға екі минут ұтылды. Қоланы украиналық Надия Виелкина алды.

Бүгін, 1500 метрге конькимен жүгіруде қазақстандық Екатерина Айдова универсиаданың қола жүлдегері атанды.

Қазір Қазақстанда бір алтын, екі күміс, төрт қола медаль бар.

XS
SM
MD
LG