Accessibility links

БҰҰ Сирия келіссөзінің келесі кезеңін кейінге қалдырды


Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.
Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура Женевадағы Сирия бейбіт келіссөзінің келесі кезеңін екі аптаға кейінге қалдырды. Мистураның мәлімдеуінше, бұл Сирия үкіметіне жеңілдіктер жасау жағын ойластыруға, ал оппозицияға делегациясын біріктіруге көбірек уақыт береді.

Стаффан де Мистураның сөзіне қарағанда, ол келіссөзге шақыртуды 8 ақпанда таратып, келіссөзді 20 ақпанға ұйымдастырмақ ниетте. БҰҰ елшісі егер осы уақытта оппозиция делегациясы түпкілікті анықталмаса онда делегацияны өзі жасақтайтынын айтты. Женевадағы соңғы келіссөз 2016 жылы сәуірде өткен. Одан кейінгі кездесу мамырда өтуі тиіс болған, бірақ ол үнемі кейінге қалдырылып келеді.

XS
SM
MD
LG